“Босаға майлау”
“Босаға майлау” дәстүрін көреген әжелер мен ақ жаулықты аналар жасайды. Екі жастың үйіне шашуын шашып, ақ ниетін білдіріп келеді. Үлкендер «Жас отаудың босағасы майлы болсын, қазаны оттан кетпесін, еліне қалаулы болсын» деп тілек айтқан. Жас келін бір үйдің ұрпағын көбейтуші жан. Яки, сол үйге “бақ-береке қонсын, майдай жұғымды болсын, келіннің қазаны оттан түспесін, елге майдай жұғымды, көп түсетін үй болсын” деген ырыммен жасалады. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
#алтынқазына #тағылым #салтдәстүрсөйлейді
