“Атбайлар” салты.

Атбайлардың екі түрі бар: Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын-туыстар оған шашу шашып, «керегең кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты – «атбайлар». Атбайлардың екінші түрі – кәде. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде жеңгелер алдарынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл – «атбайлар» деп аталатын той. Оған арнайы кәде беріледі.

#алтынқазына #тағылым #салтдәстүрсөйлейді

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған