Ашамайға мінгізу – қазақ халқының ұрпағын кішкентайынан жауапкершілікке, тәуелсіздікке, шыдамдылыққа және елі мен жерін қорғайтын жау жүрек батылдыққа тәрбиелеу үшін қолданатын маңызды дәстүрі. Бұл салт арқылы балаға алғашқы өмірлік міндеттер жүктеліп, оны өсіп келе жатқан азамат ретінде танып, оған үлкен сенім артатынын білдіреді. Қазақтар үшін атқа міну бала өмірінде ерекше орын алады, сол себепті бұл күні арнайы той жасап, халықтық жоралғыларды орындайды. #ТАҒЫЛЫМ #салтдәстүрсөйлейді