Бүгінгі сабағымызда тыңдаушыларымызбен балалық шаққа саяхат жасадық. Әр тыңдаушы өз балалық шағын еске алып, естеліктерімен бөлісті. Сабақ барысында: 🔹 Балалық шаққа қатысты жаңа сөздермен таныстық; 🔹 Өткен шақта сөйлеу үлгілерін қайталадық; 🔹 “Менің балалық шағым” тақырыбында қысқаша әңгіме құрастырдық; 🔹 Диалог құрып, бір-бірімізбен әңгімелестік. ✨ Сабақ өте жылы, шынайы атмосферада өтті. Тыңдаушылар шынайы естеліктерімен бөлісіп, сөйлеу дағдыларын дамытуға үлкен қадам жасады. Топ оқытушысы: Оңталап А.Е