Бүгін А2 деңгейінде мемлекеттік тілді үйреніп жатқан тыңдаушылармен ерекше форматта – викториналық ойын түрінде мерекелік іс-шара өткізілді. ⠀ 🌟 Ойын барысында қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұран туралы қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. ⠀ 🎉 Барлығы белсенділік танытып, қазақ тіліндегі сөздік қорын да, тарихи-мәдени білімін де жетілдіре түсті. ⠀ 📢 Сабақ соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. ⠀ 🇰🇿 Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы! Оқытушы: Оңталап А.Е




