5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ҚР Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалында «Экология және бүгінгі әлем» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ҚР Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалында «Экология және бүгінгі әлем» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, экологиялық сауаттылықты арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үндеу болды.

Сабақ барысында қатысушылар табиғатты сақтаудың заманауи жолдары, жаһандық экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары туралы тың ақпараттармен танысты. Сонымен қатар, қоршаған ортаға деген көзқарасты қалыптастыратын сұхбаттар мен интерактивті тапсырмалар орындалды.

Оқытушы: Оңталап А.Е

Вам может также понравиться...