Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс өтті. Шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері мен өлеңдеріне қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Зияткерлік тартыс рухани мазмұнымен ерекшеленіп, Абай мұрасын тереңірек тануға жол ашты. Сайыс соңында қатысушылар Абай әндерін орындап, кешті әсерлі әрі мазмұнды түйіндеді. Оқытушы: Оңталап А.Е 5 июня, 2025 - admin · Published 5 июня, 2025
Очередное занятие по английскому языку для сотрудников городской поликлиники № 3 Актюбинской области. 14 ноября, 2025 - admin · Published 14 ноября, 2025
ҚР Ұлттық Ұланы 6655 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл үйренушілерімен “Менің мамандығым” тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – әскери қызметшілердің қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру, мамандық туралы еркін пікір алмасуға мүмкіндік жасау және тілдік қорын байыту. Сабақ барысында тіл үйренушілер мамандықтар туралы әңгімелеп, диалогтар құрып, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, кәсіби қызметке байланысты терминологиямен танысып, оларды күнделікті сөйлеу барысында қолдануға дағдыланды. Топ оқытушысы :З.М.Еспембетова 11 апреля, 2025 - admin · Published 11 апреля, 2025 · Last modified 24 апреля, 2025