9 мамыр – Жеңіс күні!

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы айтулы күндер – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамдар.

Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман аға-апаларымыздың ерліктерін еске түсіреді. Айтулы мерекелер қарсаңында соғыс және тыл ардагерлерінің жанқиярлық ерліктерін бағалап, тағзым етеміз.

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Сіздерге және байтақ Отанымызды қорғап жүрген барлық әскерилерге зор денсаулық, құт-береке тілейміз!

Игі тілекпен: Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы#9мамыр#жеңіскүні#1941-1945