Ақтөбе қаласында «Мемлекеттік тілді меңгертудегі үздік тәжірибе алмасу алаңы» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтеді

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

   ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАқ ақымдағы жылдың 21 қараша күні Ақтөбе қаласында «Мемлекеттік тілді меңгертудегі үздік тәжірибе алмасу алаңы» тақырыбында республикалық сеиминар-тренинг ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

   Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру үшін заманауи талаптарға сай үздік әдіс-тәсілдердің тиімділерін анықтау арқылы нәтижеге бағытталған оқытуды көздеу, тілдерді оқытудың озық тәжрибелерімен алмасу, сондай-ақ қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесін қалыптастыру мәселесін қарастыру.

  Семинарда республиканың барлық өңірлерінен мемлекеттік тіл оқытушылары мен әдіскерлері озық іс-тәжірибелерімен бөліседі. Аталған шараға Ақтөбе облысынан  Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы қатысады.