ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ – ДАНАЛЫҚ ДАРИЯСЫ”

Әлеуметтік желілермен бөлісу

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактатынан» түйген ойларым… Бұл трактат ойшыл дүниетанымдағы еңбектерінің бірі. Ізгілікті қоғам болмысы жан –жақты зерделенеді. Әл-Фарабидің пікірінше «қайырымды қала» идеал болып табылады. Адам қоғамдастығын философ екі түрге бөледі: толық және толық емес. Толық қоғамдастықтың өзін үш түрге бөледі: үлкен, орташа, кіші. Үлкен қоғамдастыққа жер бетін мекендеуші барлық адамдардың жалпы қоғамдастығы десе, орта қоғамға –белгілі бір халық, кіші қоғамға –белгілі бір қаланы атайды. Толық емес қоғамдастықтың өзін төртке бөледі: квартал, көше, үй, ауыл. Қауым адамдары бір-біріне көмек көрсетулері арқылы ғана кемелділікке жетіп, тыныштығын сақтайды және үйлесімді өмір сүреді деп пікірін білдіреді. Әл Фараби «қайырымды қала басшысында алты қасиет болу керек дейді: даналық, асқан пайымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы қала басшысының жоғары қасиеттерін арттырады дейді. Дана әл-Фарабидың бұл трактаты қазіргі кезде де маңызды, оқып, терең ойлар түюге болады.

 Сарсенбаева Саулет Жамаладиновна. Ақтөбе қаласы, үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі