«Әліпби нұсқаларын жалпыхалықтық талқылау шарасы» өтті.

Бүгін 14-ақпанда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен «Әліпби нұсқаларын жалпыхалықтық талқылау шарасы» өтті.

Шараның мақсаты – орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған әліпби жобаларын талқылау.

Республикалық көлемде барлық өңірлерде өткен ашық талқылауға Ақтөбелік филолог-ғалымдар мен әдіскерлер, жоғары және орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары қатысты.

Талқылау барысында ұсынылған қорытындылар мен ұсыныс-пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінде жинақталып, оған мониторинг жүргізіледі.

Мониторинг қорытындылары Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Терминологиялық, Әдістемелік, Сараптама және  Техникалық сүйемелдеу топтарының бірлескен кеңесіне ұсынылып, талқыланады.

Жұмыс тобының ғалымдары ұсынылған әліпби жобаларын талқылап, ғылыми негіздемемен қорытынды шығаратын болады.

«Көпшілік алдында сөз сөйлеу немесе медиабелсенділік» атты тілдік біліктілік арттыру іс-шарасы өтті.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2020  жылғы 13 ақпанда  «Көпшілік  алдында  сөз сөйлеу немесе медиабелсенділік» атты тілдік біліктілік арттыру іс-шарасы өтті.

Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың  2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ересек тұлғаның көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін  жетілдіру  және медиабелсенділігін одан әрі дамытуға ықпал ету.

2016 жылдан өз бастауын алған дәстүрлі бұл шара бүгінгі күні облыстың 100-ден астам мемлекеттік қызметкерлері және білім беру саласының мамандарын қамтып отыр. Әр жылдары Ақтөбе қаласы, Алға, Хромтау аудандарында өткен ауқымды семинар-тренинг бүгін «Көпшілік  алдында  сөз сөйлеу немесе медиабелсенділік» деген тақырыпта тілдік біліктілік арттыру іс-шарасына (8 сағаттық) ұласты, облыстық басқармалар мен департаменттерден  30-ға жуық өкілдер қатысты.

Курсты кәсіби білікті журналист, белгілі тележүргізуші Жаңалық Ақаш және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл Есенғұлова жүргізді. Шара барысында қатысушылар:

  • Қазіргі әлемдік жаһандану заманында медиабелсенділіктің маңызын;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетінің 7 ережесін;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу кезеңдерін;
  • Көпшілік алдында сөйлеуге арналған 5 көмек;
  • Аудиториямен байланыс орнатудың әдіс-тәсілдерін, сөз орамдарын дұрыс пайдалану дағдысын,
  • Аудитория алдында өзін ұстау мәдениетін, көпшілік алдында сөз бастау және аяқтау тәсілдерін және т.б. интерактивті әдістер арқылы жан-жақты меңгерді.

Шара соңында қатысушыларға  СЕРТИФИКАТ  табысталды.

Мәртөк аудандық тілдерді оқыту курсында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқарамасының Тілдерді оқыту орталығының Мәртөк аудандық тілдерді оқыту курсы оқытушысы А.М. Арықованың ұйымдастыруымен аудандық Ішкі істер бөлімінде қазақтың ұлы ақыны және композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ұлы Абайдың 175 жылдығына және оның рухани мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығына арналған мақаласы талқыланды. Сондай-ақ қатысушар ақынның шығармаларынан үзінділер оқып, Абайдың ұлы мұрасымен танысты.

Қазақ тілін оқыту курстары басталды

Бүгін 10-ақпанда Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қазақ тілін меңгертудің орта (В1) деңгейі бойынша оқыту курсын бастады.

Орынборлық қонақтар “Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…” атты тағылым сағатына қатысты.

Бүгін 6-ақпанда Орынбор облысынан келген қазақ диаспоралары Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өткен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай “Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…” атты тағылым сағатына қатысты.

Мемлекеттік тілді қашықтан оқыту курсының таныстырылымы өтті.

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы а.ж.  6-ақпанда мемлекеттік тілді қашықтан оқыту курсының таныстырылымын бейнеконференц байланыс арқылы өткізді. Шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы ұжымы қатысып қайтты.

Орынбор облысы қазақ диаспораларымен кездесу

Бүгін 5-ақпанда Тілдерді оқыту орталығында Орынбор облысы қазақ диаспорасымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында кездесу өтті. Шара барысында Тілдерді оқыту оралығының әдіскерлері мен оқытушылары қатысушыларға қазақ тілінен ашық сабақтар, лингвистикалық тренинг, шеберлік сағаты, ойын түріндегі сабақтар жүргізді. Оқу-әдістемелік құралдар көрмесін (оқу-әдістемелік құралдар, балалар журналы, триклеттер, таратпа материалдар, т.б.) ұйымдастырды.

Шара соңында қатысушыларға Тілдерді оқыту орталығының сертификатымен, естелік кітаптары сыйға тартылды. Келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен бірлік ары қарай жалғаса берсін деген тілек білдірді.

Ресей Федерациясы Орынбор облысындағы қазақ диаспорасының өкілдері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде қонақта болып, Отандық тарих пен өлке тарихының басты кезеңдерімен танысты.

Ресей Федерациясы Орынбор облысындағы қазақ диаспорасының өкілдері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде қонақта болып, Отандық тарих пен өлке тарихының басты кезеңдерімен танысты.