ӨҢІРЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ОНЛАЙН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

Бүгін,Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өңірдің тілдер (қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдер) оқытушылары арасында қашықтан өткізілген «Заманауи оқытушы – заманауи сабақ – табысты тіл үйренуші»  өңірлік әдістемелік онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды.

Орталықтың www.til-aktobe.kzресми сайты арқылы ағымдағы жылғы 8–27 мамыр аралығында өткізілген байқауға өңірдің (аудан, қала мектептері) тілдер мұғалімдері, жексенбілік мектептер оқытушыларыбелсене қатысты. Байқау қорытындысы бойынша келесідей жеңімпаздар марапатталды:

«Үздік сабақ» бағыты бойынша

1-орын:ЛУКЬЯНЕНКО НАДЕЖДА ИВАНОВНА-Родниковка орта       

мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Мәртөк ауданы

2-орын: КУАНЫШЕВА  ЖЕМИС НАГАШИБАЕВНА-Ембі қалалық №2 орта мектебінің орыс тілі менәдебиеті пәні мұғалімі, Мұғалжар ауданы

2-орын:КЕНЖЕБАЕВА МАЙРА ЖЕТПИСБАЕВНА-Ембі қалалық №4 ЖББОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,Мұғалжар ауданы

3-орын:ТЛЕУОВА БАГЖАН АБДИГАЛИЕВНА-М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі, Ақтөбе қаласы

3-орын:ЕСЕНОВА ДАМИРА  БАЛТАБЕКҚЫЗЫ -Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,Алға ауданы

3-орын:ҚАЙРҒАЛИЕВА СУЛУКУЛЬ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ -Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Алға ауданы

Алғыс хат: НАХАЕВА ГУЛЬЖАЗИРА АЛИАЙДАРҚЫЗЫ- «Түркістан облысы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Үздік әдістемелік жоба» (авторлық бағдарлама) бағыты бойынша

Бас жүлде:ЕРМУХАНОВА АЛМИРА ЖОЛАНОВНА-Хромтау қаласы № 4 орта мектебінің орыс тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі

Барлық қатысушыларға қатысым сертификаты берілді.

Біз өз тарапымыздан әдістемелік онлайн байқауының қатысушыларына алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды тағы да құттықтаймыз! Тілдерді үйретудегі  қажырлы еңбектеріңіз өрлей берсін!