НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өңірдің тіл оқытушылары арасында онлайн байқауы өтеді

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

 

 

     Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы 2019 жылғы 8–27 мамыр аралығында облыстың тілдер (қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдер) оқытушылары арасында «Заманауи оқытушы – заманауи сабақ – табысты тіл үйренуші»  өңірлік әдістемелік онлайн байқауын өткізеді.

    Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тілдерді оқытуда креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін анықтау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды қолдау, марапаттау, тілдерді үйретудің ерекше, қалыптан тыс тәсілдерін қашықтан көпшілікке насихаттау, басқа облыстардың тіл оқытушыларымен байланысты арттыру және озық тәжірибелерді тарату.

     Байқауға өңірдің (аудан, қала, облыс мектептері) тіл оқытушыларын белсене қатысуға шақырамыз! Толық ақпаратты www.til-aktobe.kz сайтында «Әдістемелік онлайн конкурс» арнайы айдарынан алуға болады.