“Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов және тілді оқыту мәселелері” халықаралық семинар

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бүгін, Ақтөбе облысының Тілдерді оқыту орталығында “Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов және тілді оқыту мәселелері” тақырыбында халықарлық әдістемелік онлайн семинар өтті. Семинарға Павлодар қаласы “Ана тілі” орталығының директоры, әдіскер Кинжикова Шолпан Духтурбайқызы “ Келіңіз, қазақша сөйлесейік!” онлайн қазақ тілі курсы авторлық жобасымен бөлісті. “Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың ғылыми-ағартушылық мұрасы” тақырыбында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі Айнұр Аташбекқызы Сейітбекова баяндама жасп, ұлы ұстазымыздың еңбектерімен тагыстырды. Семинарда әдістемелік тапсырмалар орындалып, қатысушылар тәжірбие жинады. Атаулы шарамыз өте жоғары деңгейде өтті.