“Жаңа емле: жазу принциптері” семинар тренингі өтті

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

  2019 жылғы 9-10 қыркүйек аралығында Тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен белгілі ғалым Е.Тілешовтың қатысуымен Ақтөбе қаласында “Жаңа емле: жазу принциптері” семинар тренингі өтті. Насихат – түсіндіру жұмыстарымен  үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, халыққа қызмет көрсету, банк, медицина, білім, құқық қорғау, әскери сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері қамтылды.                                                                                         

Мақсаты: қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ісін тиімді, әрі сапалы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асыруды ұйымдастыру, жаңа жұмыстарымен таныстыру және ережеге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру.