Үме (салт). 

«Үмеге келген үндемей қалмайды»( мақал). Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып» бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Әсіресе, қысқы мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бер орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге ет асаймыз деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп, өнер көрсетіп, жұрт бір серпіліп қалады. Кейде үлкен Үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Көмекке келгендерге берілетін ас “үме” деп аталған. Үме – ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды. Себебі, үме дәстүрні қазақ халқының береке-бірлігінің белгісі деп санаған.

#алтынқазына
#тағылым
#салтдәстүрсөйлейді

Үме (салт). «Үмеге келген үндемей қалмайды»( мақал). Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып» бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Әсіресе, қысқы мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бер орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге ет асаймыз деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп, өнер көрсетіп, жұрт бір серпіліп қалады. Кейде үлкен Үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Көмекке келгендерге берілетін ас “үме” деп аталған. Үме – ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды. Себебі, үме дәстүрні қазақ халқының береке-бірлігінің белгісі деп санаған.

#алтынқазына
#тағылым
#салтдәстүрсөйлейді

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған