«Ұшқыр ой» зияткерлік ойыны өтті.

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен танымдық қабілет пен ақыл ойды қалыптастыру, ұлттық, тарихи, мәдени, рухани құндылықтарды жастардың арасында дәріптеу мақсатында «Ұшқыр ой» зияткерлік ойыны өткізілді. Шара қорытындасы бойынша жүлделі 3 орынды Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен Тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерінен құралған «Сириус» тобы иеленді. Жеңімпаздарымыз “Қоғамдық даму орталығы» басшысы Жәнібек Бағдатұлы Досовтың дипломымен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған