ENGLISH TIME айдары💥
Бүгінгі тақырып жіктеу есімдіктері деп аталады.Күнара сабақ рет-ретімен шығып отырады,сондықтан мұқият қарап үйреніп алыңыз.
Ал,кеттік!
Жекеше түрде
I (ай) – Мен
You ( ю) – Сен / Сіз
He / She (хи / ши) – Ол
“He” – ер адамдарға қатысты
“She” – әйел адамдарға қатысты айтылады.
It ( ит) – Ол. Бірақ бұл есімдік жан-жануарларға,жансыз заттарға қатысты айтылады.
Көпше түрде
We (уи) – Біз
You (ю) – Сендер / Сіздер
They (зей) – Олар. Бұл есімдік жанды және жансыз заттардың барлығына айтыла береді.
💁♀️Осы постты оқып жаттап алсаңыз “жаттадым” деп комментке 🖋 жаза кетіңіз😇