ХАБАРЛАНДЫРУ!
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ 2024 жылғы 23 мамырда «Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін дамыту» атты мемлекеттік және білім саласы қызметшілеріне арналған тілдік біліктілікті арттыру іс-шарасы өтетінін хабарлайды.
📌 Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, ересек тұлғаның көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін дамыту және медиа саласында белсенділікті арттыру.
✅ Қатысушылар шара барысында көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, аудиториямен байланыс орнатудың әдіс-тәсілдерін, сөз орамдарын дұрыс пайдалану дағдысын, сұқбат беру тәсілдерін, әлеуметтік желіде және жалпы медиа саласында белсенділікті арттыру жолдарын интерактивті әдістер арқылы жан-жақты меңгеретін болады.
📌 Шараға қатысу – тегін.
📌 Шара қатысушыларына СЕРТИФИКАТ табысталады.
🏛️ Өтетін орны: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі
🗓️ Өтетін күні: 23 мамыр (бейсенбі)
⏰ Өтетін уақыты:
- 09.30 – 12.30 (мемлекеттік қызметшілер)
- 14.30 – 17.30 (білім саласы қызметшілер) 📞 Қосымша сұрақтар үшін тел.: 8 707 545 28 10