24 мамыр күні Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен тілдік дискриминацияға жол бермеу және алдын алу мақсатында кездесуге барды.Кездесу барысында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқығын кемсітушілікке жол бермеу және де мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақ тілінің басымдылыққа ие болу керектігі жөнінде сөз қозғалды. Шара соңында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

You may also like...