Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Клара Хакімғалиқызы «Малкеджар Бөкенбаевқа 100 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталды.
Заң иститутымен 2009 жылдан бері 15 жылғы әріптестік байланыстың, оқыту курстары мен түрлі форматтағы іс-шараларға, кездесулердің өтуіне үлес қосып, белсенді атсалысқан бірнеше жылдық еңбегіңіздің нәтижесі болған наградаңыз құтты болсын!