Қыз көзін қазақша қалай сипаттауға болады?
Қазақ халқы қыз баланы тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі, жарық дүниедегі нәзіктік пен сұлулықтың белгісі деп бағалаған. Олардың тән, жан сұлулығы талай қазақ ақын-жазушыларының туындыларына арқау болған. Қыз баланың ажарын бейнелеуде оның көзін сипаттайтын қазақ сөздерін назарларыңызға ұсынамыз! Біліп, қолданып жүрейік!
Құралай көз – құралайдай дөңгелек, әдемі көз (круглые красивые глаза, как у сайгачонка)
Бота көз – үлкен, әдемі ботадай көз (большие красивые глаза, как у верблюжонка)
Нәркес көз – нұрлы, әдемі көз (красивые, лучезарные глаза)
Қой көз – қоңыр көз (карие глаза)
Жәудір көз – түлкі баласы жәудірдікіндей ең мөлдір, әдемі көз (самые чистые, красивые глаза, как у детеныш лисы)
Күлім көз – күлімдеген көз (улыбающиеся глаза)
Мөлдір көз – пәк, тұнық көз (ясные очи)
Қарақат көз – қарақаттай қара көз (черные очи)
Тұнжыр көз – мұңға толы көз (грустные глаза)