Орталықтың дәстүрлі іс-шарасы – “Мемлекеттік тілде қызмет көрсетемін” акциясы өткізілуде
“Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы” ММ “Тілдерді оқыту орталығы” КММ жыл сайын “Мемлекеттік тілде қызмет көрсетемін” акциясын өткізіп келеді. Биыл да аталған дәстүрлі іс-шара өз жалғасын тапты. Акция аясында әр түрлі сала қызметкерлері мен қала азаматтарына “Тілашар” сөздіктері мен флаер-буклеттері тегін таратылуда. Сөздікте қызмет көрсетумен айналысатын сала мамандарына арналған ең қажет сөздер мен сөз оралымдары екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілген.
Бұл қала тұрғындары арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатындағы іс-шара жаз бойы белсенді өтеді.