“Ономастика: Ұлттық танымға бетбұрыс”
2024 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ономастика: Ұлттық танымға бетбұрыс» атты өңірлік семинар өтті. Сондай-ақ семинарға Ақтөбе облысы «Тілдердерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Клара Хакімғалиқызы Серғазина мен орталық қызметкерлі қатысты. Семинарда ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі, новигациялық құралдардағы елорда көшелері атауларының берілуі, Атырау және Қызылода облысы елді мекендері мен көше атауларының дұрыс берілуі әдістемесі және рәсімделуі, Батыс Қазақстан өңіріндегі елді мекендердің тарихи атауларының зерттелуі туралы сөз қозғалды.