Орталығымыз соңғы 3 жылда 70-тен аса мекемемен тығыз әріптестік орнатып, тіл курстарын ұйымдастырып келе жатыр. Соның ішінде, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оның қоғамдағы орны мен маңыздылығын күшейтуге өзіндік үлесін қосып, тілдік іс-шараларды белсенді ұйымдастыра білген, бірлесе жұмыс атқарып келе жатқан мекемелерді назардан тыс қалдырмадық.
Орталығымыз соңғы 3 жылда 70-тен аса мекемемен тығыз әріптестік орнатып, тіл курстарын ұйымдастырып келе жатыр. Соның ішінде, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оның қоғамдағы орны мен маңыздылығын күшейтуге өзіндік үлесін қосып, тілдік іс-шараларды белсенді ұйымдастыра білген, бірлесе жұмыс атқарып келе жатқан мекемелерді назардан тыс қалдырмадық. Атап айтар болсақ:
• Рысмагамбетова Нургуль Аргинбаевна – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің, академиялық сапа бөлімінің жетекшісі
• Бақтыгерей Құралбек Амандықұлы – Ұлттық Ұлан 6655 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімшесі бастығының аға көмекшісі( мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі), ефрейтор
• Науанова Мирамкул Куанышовна – «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының аудармашысы
• Акбалиева Базаркуль Мергенбаевна – «Қазпошта» АҚ HR секторының бастығы
• Имжарова Назира Мурзабаевна Қазақойл – Ақтөбе ЖШС-нің Адами ресурстарды басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат бөлімінің персоналды оқыту және дамыту бойынша жетекші маманы
• Нұрмұхамбетова Жанат Бердалықызы – ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ақпараттық саясат бөлімшесінің бастығы
• Аманшин Бекнияз Асхатұлы Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратурасының аға маманы, ефрейтор
• Роза Төлегенқызы – Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобының жетекші маманы
Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген жыл қорытындымыз жақсы өтіп, қатысушылардың ыстық ықыласына ие болдық. Әріптестігіміз өз жалғасын таба берсін!