Біле жүріңіз!

Epeсек адамға қатысты ‘жасар’ деген форма әдетте қазақ тілінде қолданылмайды. ‘Жасар’ деп балалалық шақтағы, жасы кішкентай балаларға айтылады. Мысалы, бес жасар, төрт жасар, үш жасар, екі жасар бала деп айтып жатады. Ал жасы үлкен кісілерге қатысты “сексен екі жастағы”, “сексен екі жасқа толған”, “жасы сексен екіге келген” деген қазақи қолданыстар бар. Сондықтан осы “жасарды” балаға қатысты ғана айту керек.

You may also like...