ҚР Ұлттық Ұланы 6655 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл үйренушілерімен “Менің мамандығым” тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – әскери қызметшілердің қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру, мамандық туралы еркін пікір алмасуға мүмкіндік жасау және тілдік қорын байыту. Сабақ барысында тіл үйренушілер мамандықтар туралы әңгімелеп, диалогтар құрып, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, кәсіби қызметке байланысты терминологиямен танысып, оларды күнделікті сөйлеу барысында қолдануға дағдыланды. Топ оқытушысы :З.М.Еспембетова

You may also like...