Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қастерленген бұл күні көк байрақтың көкке көтеріліп, әнұранның орындалуы барша ақтөбеліктердің патриоттық рухын асқақтатты
Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері де орталық саябақта өткен Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қастерленген бұл күні көк байрақтың көкке көтеріліп, әнұранның орындалуы барша ақтөбеліктердің патриоттық рухын асқақтатты. Республика күні – егемендіктің алғашқы қадамдарын еске салып, Қазақстанның бірлігі мен болашағына деген сенімді нығайтатын маңызды мереке. 🔹Тілдерді оқыту орталығы ұжымының басты мақсаттарының бірі – мемлекеттік тілдің мерейін арттыру және ұлттық бірлікті нығайту болып табылады. Сондықтан орталық қызметкерлері елдік рухты дәріптейтін осы айтулы шараға белсенді қатысып, қоғамға рухани қолдау көрсетті.



