Ұлттық диктант – 2025
⚜️ «Ұлттық диктант – 2025»: Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің алтын қазығы! 🇰🇿
🔹 Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, сауаттылықты насихаттау және қоғамда тілге деген құрметті арттыру.
✍️ Биылғы «Ұлттық диктантқа» «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының B2 деңгейіндегі мемлекеттік тіл курсының тыңдаушылары белсене қатысып, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін іс жүзінде көрсетті. Бұл бастама – тіл мәдениетін нығайтып, ұлттың рухани бірлігін айқындайтын маңызды қадам.
Оқытушы: З.Ж. Құлекенова




