📌Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің дөңгелек үстелі өтті.
📚2025 жыл 7 қарашада Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі 2025 жылдың 9 айындағы мемлекеттік аудит нәтижелері, жиі кездесетін бұзушылықтар және оларды болдырмау жолдары тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
📚Іс-шараға Тілдерді оқыту орталығынан Бекмуратова Гульнара Сагинбаева, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың есепшілері, кадр және мемлекеттік сатып алу мамандары қатысты.
📚Кездесу барысында Ішкі аудит қызметінің басшысы Г. Кулданова бухгалтерлік және қаржылық есептілік, мемлекеттік сатып алулар саласында жиі қайталанатын бұзушылықтарды атап өтіп, оларды алдын алу тәртіптерін түсіндірді.
📚Сонымен қатар қатысушылар қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жөнінде пікір алмасып, бухгалтерлік есеп жүргізу мен есептіліктегі бұрмалаулар мен сәйкессіздіктер мәселелерін талқылады.






