«Бірге ме,бөлек пе?» айдарын

Тану «затты жан-жақты тексеріп, ажырату, айыру, зерттеу» мағынасында нысанмен тікелей тіркесуі (Әуезовті таны) анықтық күшін азайтады. Бұдан табыс жалғауы түсіріледі. Сөйтіп, анық қатынас танық қатынасқа (яғни бәріне белгілі, бәрі білетін деген сөз) айналады. Әуезовті тану жеке кісінің әрекетін көрсетсе, әуезовтану сөзі ортақ іс, ортақ әрекетті меңзейді. Сөздердің сондықтан терминдік, ресмилік сипаты басым. Сонда тану сыңарлы бұл топ белгілі бір нысанды тексереді, ажыратады, зерттейтін ғылым саласы терминдерін құрайды.

You may also like...