«Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Қарттар – қазынамыз» тақырыбында кездесу өткізді.

📍 Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәміле» пікір алмасу клубында Ақтөбе Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы З.Ж.Құлекенова орталықтың әдістемесі негізінде «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Қарттар – қазынамыз» тақырыбында кездесу өткізді.
🗣️Кездесу барысында қатысушылар қарттарға құрмет көрсетуге байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысты. Тақырып аясында диалогтар құрастырылып, сергітетін тілдік ойындар ойнатылды.
💬 Қатысушылар қазақ тілін үйренудің осындай ортада әлдеқайда қызықты әрі тиімді екенін атап өтті.

You may also like...