«Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Ауа райы, жыл мезгілдері» тақырыбында сөйлесімге бағытталған кезекті кездесу өтті.

🏢Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Ауа райы, жыл мезгілдері» ☀️❄️🍂🌸 тақырыбында сөйлесімге бағытталған кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында тыңдаушылар ауа райын сипаттау 🌦️, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айту 🍃, күнделікті өмірде жиі қолданылатын тіркестерді дұрыс қолдану бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Қатысушылар «Бүгін ауа райы қандай?» ☀️🌧️, «Маған көктем ұнайды, себебі…» 🌸, «Қыста мен…» ❄️ сияқты сөйлемдер арқылы өз ойларын еркін жеткізуге машықтанды.
🗣️ Кездесу барысында диалог құру , қимыл-қозғалыс ойындары 🎯, сурет арқылы сипаттау жаттығулары 🖼️ ұйымдастырылып, топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Тыңдаушылар ауа райына байланысты жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлеу дағдыларын дамытты.
🙋‍♀️Орталық оқытушысы З.Ж. Құлекенова

You may also like...