⚖️Ақтөбе облыстық сотында өткен Абай шығармашылығына арналған тәрбиелік семинардың бүгін жинағы шықты .


⚖️Ақтөбе облыстық сотында өткен Абай шығармашылығына арналған тәрбиелік семинардың бүгін жинағы шықты . 2025 жылы жаз айында Ақтөбе облыстық сотында «Абай даналығы – халық мұрасы» атты семинар ұйымдастырылып, шараға «Ақтөбе тілдерді дамыту басқармасы» ММ , «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің директоры К.Х Сергазина қатысып, мазмұнды ойларымен бөлісті. Кездесу барысында «Абай Құнанбайұлы және тіл мәдениеті: қазіргі тіл саясатымен сабақтастық» тақырыбы қозғалды. Абайдың мемлекеттік қызмет саласындағы тұлғалық келбеті, парасатқа, әділетке және жауапкершілікке негізделген мемлекеттік басқару мәдениетінің үлгісі ретінде бағаланатыны атап өтілді. К.Х.Сергазина өз сөзінде үш маңызды бағытты қамтыды: ✨ Абай және саяси сана – билік пен халықты жақындастыратын адамгершілік көпір; ✨ Абай және тіл саясаты – тіл мәдениеті мен ұлттық рухтың тұтастығы; ✨ Абай мұрасы – қоғамды жаңғыртатын және рухани кемелдікке жетелейтін құндылықтар жиынтығы. Қорытынды: Семинар Абай даналығының бүгінгі күнмен терең үндесетінін тағы бір рет дәлелдеді. Ұлы ойшылдың мұрасы — тіл саясатына да, мемлекеттік басқару мәдениетіне де бағыт-бағдар беретін сарқылмас рухани қазына.



