«Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Жаңа жыл – жаңа бастама» тақырыбында сөйлесімге бағытталған кездесу өткізді.

🏢 Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Жаңа жыл – жаңа бастама» тақырыбында сөйлесімге бағытталған кездесу өткізді.
🎄 Кездесу барысында қатысушылар Жаңа жылға қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, жаңа мақсаттар жайында әңгімеледі. Сабақ соңында тыңдаушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, игі тілектер айтты.
🗣️ Жұптық және топтық жұмыстар арқылы қатысушылар жаңа сөздерді меңгеріп, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдірді.
🙋♀️ Орталық оқытушысы: З. Ж. Құлекенова



