50-сабақ.Қортынды бақылау

Қортынды сынақ.

 

1.Ресми құжаттар стиліне тән басты қасиетті табыңыз.

А. Көркемдеуіш сөздерді көп қолдану.

Ә. Сезіммен, эмоциямен жазу.

Б. Нақтылық, қисындылық және бейтараптық.

 

  1. Өтініш жазғанда парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына не жазылады?

А. Кімге (басшының аты-жөні) және кімнен екені.

Ә. Өтініш иесінің мекенжайы.

Б. Өтініштің мазмұны.

 

  1. «-лар» қосымшасын жалғаңыз.
  2. Күн.

Ә.  Аспан.

Б.  Жыл.

В.  Ай.

 

  1. Сөйлемді ресми стильге сай толықтырыңыз: “Мені өз еркіммен жұмыстан …”

А. шығарып жіберіңізші.

Ә. босатуыңызды сұраймын.

Б. кеткім келеді.

 

  1. Арыз не үшін жазылады?

А. Біреуді туған күнімен құттықтау үшін.

Ә. Жұмысқа шақыру үшін.

Б. Наразылық білдіру немесе құқық бұзылған жағдайда шағымдану үшін.

 

  1. Мінездеме дегеніміз не?

А. Адамның қызметтік және тұлғалық қасиеттерін бағалайтын құжат.

Ә. Жұмыс кестесі көрсетілген кесте.

Б. Сатып алынған тауардың тізімі.

 

  1. Мінездемеде адамның қандай қасиеттері жазылады?

А. Сүйікті тағамы мен хоббиі.

Ә. Білімі, еңбекқорлығы, ұжыммен қарым-қатынасы.

Б. Бойы мен салмағы.

 

  1. Ресми-іс қағаздар стилінің басты талабы қандай?

А. Көптеген мақал-мәтелдерді қолдану.

Ә. Ақпараттың нақтылығы, қысқалығы және бірқалыптылығы.

Б. Оқиғаны көркемдеп, әсерлі баяндау.

 

  1. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.

Футболдан командамыз … орын алды.

А. Бір.

Ә. Бірінші.

Б. Біреу.

В. Екі.

 

  1. Берілген сөйлемдерден қазақ тіліне дұрыс аударғандығын табыңыз.

Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын…

А. Прошу принять на работу…

Ә. Прошу разрешить…

Б. Принять соответствующие меры…

 

  1. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.

Менің туған күнім – … қазан.

А. Жеті.

Ә. Жетінші.

Б. Жетеу.

 

  1. Көп нүктенің орнына дұрыс нұсқаны қойыңыз.

Ұлым … гимназияда оқиды.

А. Жиырма алтыншы.

Ә. Жиырма алты.

Б. Жиырма алтыдай.

 

  1. Көп нүктенің орнына сын-бейне үстеуін қойыңыз.

“Біз мұражайға … бардық”

А. Жаяу.

Ә. Ертең.

Б. Өте.

 

  1. “Бір-бірлеп” үстеуіне сұрақ қойыңыз.

А. Қашан?

Ә. Қалай? (қаншадан?)

Б. Қайда?

 

  1. “Үлкен” сөзінің синонимін табыңыз.

А. Дәу.

Ә. Кіші.

Б. Аласа.

 

  1. “Шапшаң” сөзінің синонимін табыңыз.

А. Ақырын.

Ә. Биік.

Б. Тез.

 

  1. Нақ осы шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

А. Мен шай ішіп отырмын.

Ә. Мен шай іштім.

Б. Мен шай ішемін.

 

  1. Көктем айларын ретімен көрсетіңіз.

А. Сәуір, наурыз, мамыр.

Ә. Наурыз, сәуір, мамыр.

Б. Мамыр, сәуір, мамыр.

 

  1. Сағат 18:30-ды қазақша қалай дұрыс айтамыз?

А. Жеті жарым.

Ә. Кешкі алты жарым.

Б. Бес жарым.

В. Таңғы алты.

 

  1. “Мен бос уақытымда кітап …” сөйлемін толықтырыңыз.

А. тыңдаймын.

Ә. көремін.

Б. оқимын.

 

 

 

 

You may also like...