«БІЗ АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА» айдары


«БІЗ АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА» айдары
🖇️Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Сергазина «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында: ”Тілдерді оқыту орталығында заманауи технологиялар мен жасанды интеллект оқытуды жаңа деңгейге көтерді, цифрлық құралдар оқытушыларға сабақ дайындауға, тапсырмалар құруға, аудио-видео материал әзірлеуге көмектеседі, ал тыңдаушылар виртуалды сұхбаттасушымен сөйлесіп, бірден кері байланыс алады.” – деп жасанды интеллекттің тіл үйретудегі маңыздылығын атап өтті.
💡ЖИ мұғалімдер мен тыңдаушылардың маңызды көмекшісіне айналды.Бірақ ақылды бот мұғалімді алмастырмайды. Ол жеке көмекші қызметін атқарып, сабақ дайындауды жылдамдатады, оларды әртүрлі етеді. Ал әдістемені анықтайтын, сапаны бақылайтын және оқыту процесін басқаратын – мұғалімнің өзі, – деп атап өтеді оқытушы З.Құлекенова.
Бұл туралы толығырақ « Казахстанская правда» газетінен оқи отырыңыздар.



