№1 қалалық аурухана қызметкерлерімен алғашқы сабақ

№1 қалалық аурухана қызметкерлеріне мемлекеттік тіл курсының алғашқы сабағы өтті. Сабақ барысында курстың мазмұны мен оқу форматы түсіндіріліп, қатысушылардың тілдік деңгейі анықталды. Сабақ интерактивті тапсырмалармен, еркін диалог түрінде өтті. Курстың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің мемлекеттік тілде еркін әрі сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, науқастармен, әріптестермен кәсіби қарым-қатынасты қазақ тілінде жүргізуге үйрету және тілдік сенімділікті арттыру.



