№1 қалалық аурухана қызметкерлерімен алғашқы сабақ өтті

№1 қалалық аурухана қызметкерлерімен алғашқы сабақ өтті.Сабақ барысында курстың мазмұны мен оқу форматы түсіндіріліп, қатысушылардың тілдік деңгейі анықталды. Сабақ интерактивті тапсырмалармен, еркін диалог түрінде өтті.
Курстың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің мемлекеттік тілде еркін әрі сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, науқастармен, әріптестермен кәсіби қарым-қатынасты қазақ тілінде жүргізуге үйрету және тілдік сенімділікті арттыру.

You may also like...