Бел көтерер

Ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүр: «Бел көтерер»
Қазақ халқының әрбір салтында үлкенге деген құрмет жатыр. Соның бірі — «Бел көтерер».
Жасы келіп, тісі мүжілген, денсаулығы сыр бере бастаған қарттарымызға арнап ауыл-аймақ, ағайын-туыс арнайы жұмсақ әрі құнарлы тағамдар дайындаған.
Мәзірде көбіне қазы-қарта, жал-жая, балқаймақ, өкпе-бауыр мен сүт өнімдері. «Ас — адамның арқауы» демекші, мұндай күтім қарияның бойына күш беріп, «белін көтеруге» септігін тигізеді деп сенген.
Бұл жай ғана тамақ ішу емес, бұл — қарияның көңілін аулау, жалғыз емес екенін сезіндіру және батасын алу.
#алтынқазына
#тағылым
#салтдәстүрсөйлейді

You may also like...