«Сізге алғысым шексіз!» атты алғыс айту челленджі ұйымдастырылды.

«Сізге алғысым шексіз!» атты алғыс айту челленджі

Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі қызметкерлері арасында
«Сізге алғысым шексіз!» атты алғыс айту челленджі ұйымдастырылды.
🎥 Челлендж аясында қызметкерлер өздерінің ардақты аналарына және аяулы жарларына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады. Әрбір қатысушы үшін бұл бейнежазба – құрмет пен ризашылықтың, отбасы құндылықтарына деген адалдықтың көрінісі болды.
💐 Ана – өмірдің шуағы, тәрбие мен мейірімнің бастауы.
💍 Жар – сенім мен қолдаудың тірегі, өмірлік серік.
Осындай игі бастама арқылы әскери ұжымда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сыйластық пен ризашылық мәдениетін қалыптастыру көзделді.
🇰🇿 Отбасыға деген құрмет – Отанға деген құрметтің бастауы.
👩🏻‍🏫 Оқытушы: Әділбекова Нұрай
#алғыс #әскерибөлім #актобе #сабақбарысы

You may also like...