Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінде мемлекеттік тіл курсының қатысушыларымен «Сөздік домино» атты көңілді зияткерлік жарыс ұйымдастырылды.


🔹 Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінде мемлекеттік тіл курсының қатысушыларымен «Сөздік домино» атты көңілді зияткерлік жарыс ұйымдастырылды.

🎲 Іс-шара барысында қызықты сұрақтар мен логикалық тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың білімдері тексеріліп, сөздік қоры мен жылдам ойлау қабілеті сынға түсті. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

📚 Ойын форматындағы тапсырмалар мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттырып, алған білімді тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.

🇰🇿 Мемлекеттік тілді игеру – кәсіби шеберлікті жетілдірудің және қызметтік тиімділікті арттырудың маңызды қадамы.

👩🏻‍🏫 Оқытушы: Әділбекова Нұрай

You may also like...