✨ Орталығымызға жаңа леп, жаңа серпін келді!

Тіл – ұлт рухының айнасы десек, сол руханият жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан орталығымыз бүгінде жаңа кезеңге қадам басты. Ұжымымыз үшін маңызды жаңалықтардың бірі – Гүлсайран Нұрланқызы Төлегенованың директор лауазымына тағайындалуы.

Гүлсайран Нұрланқызы – орталықтың тыныс-тіршілігін терең білетін, осы шаңырақта табанды еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Еңбек жолын қарапайым оқытушылықтан бастап, кәсіби білімі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында басшылық деңгейге дейін көтерілді. Осы жылдар ішінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, халыққа сапалы білім беру бағытында көптеген маңызды бастамалардың жүзеге асуына үлес қосты.

Ұжым арасында іскерлігімен, адамгершілігімен, сабырлы мінезімен және жауапкершілігімен ерекше құрметке ие жанның жаңа қызметі – барша әріптестер үшін қуанышты жаңалық.

Құрметті Гүлсайран Нұрланқызы!
Жаңа қызметіңіз құтты болсын! 🌸

Сізге деніңізге саулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, парасатты шешімдер мен абыройлы қызмет тілейміз. Орталығымыздың абыройын асқақтатып, жаңа белестер мен жарқын жетістіктерге бастай беруіңізге шын жүректен тілектеспіз.

Еңбегіңіз әрдайым еленіп, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік болсын! ✨

You may also like...