Бүгін орталығымыздың мамандары Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында болып, әскери қызметкерлермен кездесу өткізді.
Бүгін орталығымыздың мамандары Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында болып, әскери қызметкерлермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында орталық жұмысы, мемлекеттік тілді оқыту бағытындағы жобалар мен курс бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушылар қазақ тілін үйренуге бағытталған заманауи әдістермен танысып, өзара пікір алмасты.
Алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қою жоспарлануда.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолындағы бірлескен жұмыстар жалғасын табады! 🇰🇿



