⚜️ Бүгін «Энергосистема» ЖШС қызметкерлеріне А1 деңгейі бойынша «Қазақ тіліне алғашқы қадам» тақырыбында сабақ өткізілді.
⚜️ Сабақ барысында тыңдаушылар қазақ тіліндегі жаңа сөздерді меңгеріп, күнделікті қолданыстағы қарапайым сөйлемдерді қолдану дағдыларын жетілдірді. Тыңдаушылар мемлекеттік тілге қызығушылық танытып, оқу үдерісіне белсене араласып, өз білімдерін жетілдіруге ынта білдірді.
⚜️ Сонымен қатар, сабақ аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында заңдылықты сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту арқылы қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру.
⚜️ Осындай танымдық әрі мазмұнды сабақтар мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, қоғамда адалдық пен заңдылық мәдениетін қалыптастыруға да өз үлесін қосады.
⚜️ Мемлекеттік тілді меңгеру – рухани дамудың кепілі, ал адалдық пен жауапкершілік – өркениетті қоғамның негізі.
Оқытушы: Олжас Тлемісұлы






