📚 «Энергосистема» ЖШС қызметкерлеріне А1 деңгейінде мемлекеттік тіл курсының кезекті сабағы өтті.

📚Сабақ барысында тыңдаушылар «Мамандық» тақырыбы аясында түрлі тапсырмаларды орындап, белсенді түрде жұмыс жасады. Оқу үдерісінде жіктік жалғауының ережелері түсіндіріліп, оның сөйлемдегі қызметі мысалдар арқылы жан-жақты талданды. Нәтижесінде тыңдаушылар жіктік жалғауының қолданылу ерекшеліктерін меңгеріп, алған білімдерін тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітті.

📚Тыңдаушылар берілген тапсырмаларды ұқыптылықпен және белсенді орындап, жаңа сөздермен танысты, сөздік қорларын молайтты. Тыңдаушылар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Жаттығулар арқылы теориялық білім практикамен ұштастырылып, тілдік дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

✨Тіл үйрену бізбен жеңіл!

👨‍🏫 Оқытушы: Олжас Тлемісұлы

You may also like...