Ғылым және жоғарғы білім минмстрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында “Мемлекеттік тіл ел бірлігінің кепілі” республикалық семинары өтуде. Семинар барысында этносаралық қатынастар салаласындағы мемлекеттік тілдің, тіл саясатын жүргізудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, тілдік кемсітушіліктің алдын алу жөнінде мәселелер көтеріліп, талқыға салынды.