✨2026 жылғы 17–21 тамыз күндері Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ортақ жүйесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Аталған курсқа Тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Ақбота Аманжолқызы Калиева қатысты.

Курстың негізгі мақсаты – қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, оқыту үдерісінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.

Оқу бағдарламасы барысында қатысушылар қазақ тілін оқытудың заманауи әдістемелерімен танысып, тәжірибелік жұмыстарға қатысып, сабақ үдерісінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерді. Сонымен қатар кәсіби білімдері мен біліктіліктерін жетілдіріп, тәжірибе алмасты.

Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Кәсіби даму – сапалы білім берудің маңызды қадамы.

You may also like...