А1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл сабағы
Бүгін А1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл тыңдаушыларына «Мекенжай» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ барысында тыңдаушылар тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысып, оларды сөйлем ішінде қолдануды үйренді. Сонымен қатар Жатыс септігінің сөйлемдегі қолданысымен танысып, -да/-де, -та/-те жалғауларының дұрыс жалғануына байланысты практикалық тапсырмалар орындады.
Сабақтың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде күнделікті қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқытушы: Олжас Тлемісұлы





