«Мен оқыған алғашқы қазақша кітап»

Бүгін С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында кітап пен тілдің байланысын насихаттаған тағылымды «Мен оқыған алғашқы қазақша кітап» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға орталықтың А1 деңгейіндегі тыңдаушылары белсенді қатысты.
Қатысушылар қазақ тілінде алғаш оқыған ертегілері мен әңгімелерін еске алып, сүйікті шығармаларымен бөлісті. Сонымен қатар кітап оқудың маңызы, қазақ тілін үйренудегі кітаптың рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.
Іс-шараның ерекше әрі жылы сәті — «Бауырсақ party» болды. Қатысушылар қазақтың ұлттық дәмі — бауырсақтан ауыз тиіп, оның қазақ мәдениетіндегі орны мен қадір-қасиеті жайында әңгімелесті.
Кездесу соңында қатысушылар орталық директоры Г.Н.Төлегенованың Алғысхатымен марапатталды.
Кітап — тіл үйренудің ғана емес, ұлттың мәдениеті мен руханиятын танудың да маңызды құралы.
Кітап оқиық, қазақ тілін бірге үйренейік!

You may also like...